23 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамы: тұман, көктайғақ, боран

Ашық дерекөздерден алынды
Солтүстіктен келген циклонның беті қайтып, батыс пен оңтүстік-батыста жауын-шашын кілт тоқтайды, ал қалған өңірлерде қар әлі де түсе береді деп болжайды Қазгидромет.

Синоптиктер 23 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамын жариялап, бес облысқа қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Солтүстіктен келген циклонның беті қайтып, батыс пен оңтүстік-батыста жауын-шашын кілт тоқтайды, ал қалған өңірлерде қар әлі де түсе береді деп болжайды Қазгидромет.

Сондай-ақ 23 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қар жауады. Кей жерлерде - боран, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, дауыл болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде 23 желтоқсанда қар жауып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан қатты жел соғады.

Көкшетауда 23 желтоқсанда тұман мен боран күтіледі. Дауыл болу ықтималдығы 85-90% құрайды.

23-25 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Дауыл соғады.

23 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қар жауады. Күндізгі жел батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с шамасында соғуы мүмкін. Дауылдың болуы 90-95% ықтимал.

Дүйсенбі күні Нұр-Сұлтанда қар жауады, сынап бағаны 14 градус Сельсиге дейін төмендейді.

Алматыда күн ашық, ауа-температурасы 8 градус суық.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін