Хабиб Нұрмагомедов ұлды болды

Instagram
24 желтоқсанда Хабиб Алматыда жанкүйерлермен кездеседі, ал 25 желтоқсанда ол аралас жекпе-жек GFC турнирінің қонағы болады.

Жеңіл салмақтағы UFC әлем чемпионы, ресейлік аралас жекпе-жектің спорт шебері Хабиб Нұрмагомедов Алматыға сапары қарсаңында тағы әке атанды, деп хабарлайды zakon.kz.

Көптеген шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, чемпион ұлды болды. Бұл Хабиб пен Патиматтың отбасындағы үшінші бала, олар Фатима және Магомед атты ұл-қыз тәрбиелеп отыр.

Қыркүйек айында Нұрмагомедов америкалық Дастин Порьені жеңіп, чемпиондық титулын қорғап қалды. Келесі белдесу 2020 жылдың 19 сәуірінде өтеді, қарсыласы АҚШ-тағы Тони Фергюсон болады.

24 желтоқсанда Хабиб Алматыда жанкүйерлермен кездеседі, ал 25 желтоқсанда ол аралас жекпе-жек GFC турнирінің қонағы болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды