Арыста қызды күштеп алып қашқандар сотталуы мүмкін 

видеодан кадр
Қыз алып қашу дерегі бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.

Еске салсақ, әлеуметтік желілерде жас жігіттер тобының көлікке қызды отырғызып, күшпен алып қашу оқиғасы туралы бейнекөрініс тарап кеткен, деп хабарлайды zakon.kz ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бейнекөріністі тексерген полицейлер оқиға Түркістан облысының Арыс қаласында орын алғандығын анықтады. Қыздың анасы полицейлерге арызданған. Қазіргі таңда қыз өзінің үйіне, ата-анасына қайтып келген.

Аталған дерек СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 125-бабы "Адам ұрлау" бойынша тіркелді. Күдіктінің айтуынша олар бұрын бір сыныпта оқыған және үйлену мақсатында алып қашқаны белгілі болды.

Қазір аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлермен болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді