Көргендер мәз екен: "Бизнес по-казахски" Кореяда деген не кино

Туынды 26-желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотетрларында көрсетілетін болады.

Көптен күткен тұсаукесер. Алматыда "Бизнес по-казахски в Корее" фильмінің төртінші бөлімінің алдын ала көрсетілімі болды. Қазақстандықтардың көзайымына айналған картинаны көруге жүздеген адам жиналды. Бұл жолы басты кейіпкерлер жаңа технология үшін Кореяға аттанып, сол жақта шытырман оқиға тап болады.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жұртшылық тағатсыздана күткен картинаның тұсауы Алматыда кесілді. Алдынала көрсетілімінің өзіне жүздеген адам жиналды. Қонақ үй бизнесін дөңгелеткен кәсіпкер Жомарт бұл жолы жаңа қонақ үй сатып алған. Ал онда қызмет көрсетуге Ержан атты роботты жұмысқа қабылдайды.

Маңызды тұсау кесердің дәл алдында бұзылып қалған роботты жөндету үшін қонақ үй қызметкерлері Оңтүстік Кореяға аттанады. Бұл жолы да кейіпкерлер күтпеген оқиға тап болады. Картина режиссеры бұл фильм алдыңғыларынан ерекше екенін айтады.

Ален Ниязбеков, режиссер:

"Бизнес по казахскидің" төртінші бөлімін түсіру оңайға соқпады. Өйткені осыған дейінгі үш бөлімін тамашалаған көрермендерде әсер қалыптасқан. Сондықтан төртінші бөлігі өзге фильмдерден кем түспеуі тиіс. Онымен көрерменнің есінде қалатын өзіндік жаңалығы да болуы үшін барымызды салдық".

Көрермендер көңілінен шығу үшін картина авторлары барын салыпты. Бұл жолы кореялық әріптестері қолдау көрсеткен. Түсірілім жұмыстары бір айға созылғанымен дайындық жүргізуге бір жыл уақыттарын сарп етіпті.

Нұрлан Қоянбаев, фильм продюсері:

"Біз бизнес по казахски киносын Сеул қаласында түсірдік. Түсіру кезінде көптеген қиындықтар болды. Шетелде түсіру әрине оңай емес. Сондықтан да біраз жұмыс істедік. Көрермен үшін жұмыс істеп жатырмыз. Осы көрерменге ұнасын деп барлық қиындықтарға шыдап, осындай туындыға ие болып жатырмыз".


Танымал комедияның төртінші бөлігінде біраз жаңа кейіпкерлер бар. Олардың арасында Әнші Дильназ Ахмадиева, кәсіпкер Қайрат Құдайберген және тағы басқалары. Туынды 26-желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотетрларында көрсетілетін болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: