Қазақстанда теміржол билеттерінің алыпсатарларын жазалау күшейді

BNews.kz
Айыппұл 500 АЕК-ке дейін көтеріледі.

Сенат депутаттары жалпы отырыстың екінші оқылымында заң жобасын қабылдады, оған сәйкес Қазақстанда теміржол билеттерін қайта сату бойынша жауапкершілік күшейтіледі. Мұндай норма депутаттар қабылдаған "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Аталған заң жобасында жеті заңнамалық актілерге, оның ішінде кәсіпкерлік, салық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР кодексіне, "Теміржол көлігі туралы" және "Табиғи монополиялар туралы" заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетіні атап өтілді.

Заң жобасында жол жүру құжаттарын қайта сату және теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етпеу үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту қарастырылған.

Бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов хабарлағанындай, жол жүру билеттерін заңсыз сату және қайта сату үшін жеке және заңды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы түзетулер енгізілді.

- Атап айтқанда, жеке және заңды тұлғаларға жол жүру құжаттарын заңсыз сату және алыпсатарлық мақсатында қайта сату үшін әкімшілік жауапкершілік қайтарылды, айыппұл мөлшері 100-ден 500 АЕК-ке дейін көтерілді, - деген болатын Атамқұлов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

Әл-ауқат санатын анықтайтын калькулятор 16 қазанда іске қосылады

Қазақстанда қандай отбасылар C, D және E санаттарына жатқызылады және олар 2027 жылы жәрдемақы ала ма

Алматы тауларынан қару мен оқ-дәрі табылды

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 17 қазанға арналған ауа райы болжамы