Синоптиктер бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа-райы тұрақсыз болады деп болжайды

Ашық дерекөздерден алынды
Еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жаууы ықтимал.

5 қаңтарда атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, оңтүстіктің кей жерлерінде жауын-шашынды болады, ал солтүстігінде және солтүстік-батыста қар жауады, кейбір жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, боран болады деп күтіледі, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел екпіні секундына15-20 метр қарқынмен соғады деп күтіледі,

Қостанай облысында боран соғады, Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, таулы аймақта қатты жел бұрқасындатады.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз Жамбыл облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Нұр Сұлтан қаласында 5 қаңтарда күн ашық болады, сынап бағаны 6 градусқа төмен болады.

Алматыда күн ашық, ауа температурасы 2 градусқа ғана суық болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды