Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы қосылады

Хабар 24
Бүгінде аудан орталығын жаңа бас жоспарға сәйкес дамыту жұмыстары қарқынды жүруде.

Қызылорда облысындағы 150 жылдық тарихы бар Қазалы қаласының аумағы кеңейеді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы бір елді мекен болып қосылады. Бүгінде аудан орталығын жаңа бас жоспарға сәйкес дамыту жұмыстары қарқынды жүруде. 441 гектар жерге инженерлік инфрақұрылым желілері тартылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар бой көтере бастады. Қазіргі таңда бұл аумақтан 250 орынды аурухана, сот ғимараты, рәміздер алаңы мен саябақ салынды. Аудандық мекемелер ғимараты мен мәдениет үйінің де құрылысы аяқталуға жақын. Алдағы уақытта 12 көп қабатты тұрғын үй мен бірнеше ірі кәсіпкерлік нысандарының құрылысы басталады деп күтілуде.

Қуаныш Жұбатқанов, Қазалы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:

– Биылғы жылы Қазалы қаласының 180 гектарының электр желісі, газбен жабдықтау, ауызсумен қамтамасыз ету, жолы аяқталады. Сонымен қатар Қазалы қаласында 81 гектарға жүргізілген жол инфрақұрылымдары да шешімін табады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз