Атырау мемлекеттік университетіне жаңа ректор тағайындалды

Баспасөз қызметі
Саламат Нұрмұханұлы алдында осы университеттің ғылым жөніндегі проректор қызметін атқарған.

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне жаңа ректор тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz білім ордасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін университетімізге Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Әділет Тойбаев келіп,Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Идрисов Саламат Нұрмұханұлын таныстырды. Жиынға Nur Otan партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев, университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы қатысты" делінген университет хабарламасында.

Саламат Нұрмұханұлы алдында осы университеттің ғылым жөніндегі проректор қызметін атқарған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді