Қазақстанда қазір 35-45 мың қырғыз жүр

Ulanbek Asanaliev RFE/RL
Шетелдегі қырғызстандықтардың дені Ресейде жүр.

Қырғызстанның 850 мың азаматы шетелде уақытша немесе тұрақты тұрып жатыр.

Бұл туралы Консулдық қызмет департаментінің директоры Алмаз Имангазиев журналистерге баспасөз конференциясында хабарлады, деп жазады Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Шетелдегі қырғызстандықтардың дені Ресейде жүр. Ресейдің көші-қон қызметіне Қырғызстанның 571 мың азаматы тіркелген.

Имангазиевтің хабарлауынша, Қазақстанда 35-45 мың қырғызстандық бар. АҚШ пен Канадада – 15-20 мың, Италияда - 5,5-6 мың, Біріккен Араб Әмірліктерінде – 4-5 мың, Ұлыбританияда – шамамен 2 мың, басқа да елдерде – шамамен 10 мың.

Бұған қоса Ресейдің көші-қон қызметі дайындаған "қара тізімге" 60 мың қырғызстандық ілінгені мәлім болды. Бұл тізімде 2017 жылы 100 мыңнан астам қырғызстандық болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі