Қазақстан Президенті жаңадан тағайындалған Оман Сұлтанын құттықтады

Ақорда
Президент Оман Сұлтандығының экономикасы қарқынды дамып, халқының әл-ауқаты артып келе жатқандығын баса атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Оманның жаңадан тағайындалған Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидті Қазақстан халқының және өзінің атынан құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының экономикасы қарқынды дамып, халқының әл-ауқаты артып отырған мемлекет екенін айта келе, Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің басшылығымен Оманның одан әрі өркендеп, мерейі өсе беретініне сенім білдірді.

"Екі ел арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастықты келешекте де халықтарымыздың игілігі үшін әрі қарай өрістету мақсатында Сізбен бірлесе күш-жігер жұмсауға дайын екенімді қуаттаймын. Сіздің аса жауапты қызметіңіз бен барлық игі бастамаларыңызға мол табыс, ал достас Оман халқына ырыс пен құт-береке тілеймін", – делінген жеделхатта.

Алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Қабус бен Саидтың қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны туралы айтып, Оман халқына көңіл білдірген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленеді

Қазақстанда мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне жалақы төлеу ережесі жаңартылды

Алматы облысында жер сілкінісі болды