МӘМС аясында науқастарға қызу түсіретін дәрі тегін берілетін болды

Тегін берілетін дәрі-дәрмектердің биылғы тізімі жарияланды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында балаларға берілетін тегін 192 дәрі-дәрмек түрі белгіленді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"192 дәрі дәрмек атауы 18 жасқа дейінгі балаларды амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесіне енгізілді. Оның 157 атауы сатып алынды және жөнелтуге дайын. Барлығы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы пациенттер 62 ауру бойынша тегін қамтамасыз етілетін болады", - деді "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Шәріптің айтуынша, бүгінде МӘМС жүйесі аясында тегін дәрі-дәрмек тізбесін кеңейту туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы ҚР Әділет министрлігінде тіркелуде.

"Сонымен қатар пациенттерді инфекциялық, протозойды, паразиттік аурулар, гельминтоздар, грибокты инфекциялар, ас қорыту, қан, ағзалардың аурулары және иммундық механизмді тартатын жекелеген бұзылулар, жүйке жүйесі, көру, есту және тыныс алу ағзаларының, тері және тері асты клетчаткасы, несеп-жыныс жүйесі, сүйек-бұлшық ет жүйесі және дәнекер тіндердің аурулары бойынша қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сондай-ақ жүрек-қан тамыры аурулары кезінде тегін дәрі-дәрмек беру қарастырылуда", - деп атап өтті ол.

Фармация басшысының сөзіне сенсек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған препараттар тізімі МӘМС жүйесі шеңберінде бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы сатып алынатын 225 атауға дейін кеңейтілді. Олардың 161-і ересек пациенттерді емдеуге арналған, 192-і балаларға арналған.

"Бүгінде препараттар бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына келіп түсті, өңірлер бойынша жөнелтілуге дайын. Бірыңғай дистрибьютор тізімінде енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін тағы да 82 позиция сатып алынады", - дейді Б. Шәріп.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: