Заң табылды! Қырғыз, армян, ресейлік көліктен ертерек құтылыңыз

Тимур Еникеев / kolesa.kz
Полицейлер шетелдік нөмірмен Қазақстанда жүрген пысық отандастарымызға қарсы күрестің тетігін тапты. Жақын арада шетелдік тіркеудегі көліктер ел аумағынан шығарылады.

Шектеулер “Жол қозғалысы” туралы заңда жазылған. Құжаттың 63-бабына сәйкес, “Басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген, халықаралық жол жүрісіне қатысатын және Қазақстан Республикасына бір жылдан аспайтын мерзімге әкелінетін механикалық көлік құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында жасалған немесе Қазақстан Республикасына әкелінген, осы Заңда айқындалатын механикалық көлік құралдары міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады”, деп хабарлайды kolesa.kz.

65-бапттың 2 тармағына сәйкес “Отыз тәулікке дейінгі үзілістермен бір жылдан астам Қазақстан Республикасының аумағында қалған көлік құралы халықаралық жол жүрісінде деп есептелмейді”.

Яғни, шетелдік нөмірмен Қазақстанда жүрген көлік 30 күн ел аумағында болмауы тиіс. Бұл – Қазақстан территориясына бір жыл бұрын кіргізіліп тіркелмеген көліктер заңсыз жүр деген сөз.

Шетелдік нөмірмен жүрген жерлестеріміздің үш жолы бар:

Естеріңізге сала кетсек, қазір Қазақстанда 200 мыңа жуық көлік шетелдік нөмірмен жүр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі