Шетелдік нөмірлі көлік иелері митингке шыққалы жатыр

otyrar.kz
Оралда бір топ азаматтың қала әкімдігіне Армения, Ресей және Қырғызстан нөміріндегі көліктердің қозғалысына енгізілген шектеуге қарсы митинг өткізу үшін өтініш қалдырған.

Оралда автокөлік иелері митингке өткізуге әкімдікке өтініш өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Көлік иелерінің видеоүндеуі Асқар Шайқұмаровтың Youtube-тегі арнасында жарияланды.

Видео жанындағы жазбада Оралда бір топ азаматтың қала әкімдігіне Армения, Ресей және Қырғызстан нөміріндегі көліктердің қозғалысына енгізілген шектеуге қарсы митинг өткізу үшін өтініш қалдырғаны айтылады.

Ал видеода ер адам 25-26 қаңтарда Мәншүк Мәметова атындағы алаңда бейбіт митинг өткізуге өтініш бергенін хабарлайды.

"Егер олар рұқсат берсе, онда сенбі күні - 25-інде митингіге шығамыз, егер рұқсат бермесе, онда жексенбі күнге - 26-сына қайта өтініш түсіреміз", - дейді ол

Ол Оралда және осы өңірде шетелдік нөмірдегі көліктер көп екенін айтып, оның иелерін митингіге шығуға шақырады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін