"Ертіс, Сарыарқа". Павлодар атауын өзгерткелі жатыр деген сыбысқа қатысты әкімдік пікір білдірді

arnapress.kz
Бұған дейін бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде қаланы - Ертіс, кейінірек - Сарыарқа деп өзгерту туралы ұсыныстар айтылып жатқаны хабарланған.

Павлодар қаласы әкімдігі желідегі сыбысқа қатысты пікір білдіріп, алда білмейміз, бірақ биыл қала атауын өзгерту туралы жоспарлары жоқ екенін айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына сәйкес, биыл халық санағы жүргізілетін болады. ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасарының ұсыныстарына сәйкес, республика өңірлеріндегі халық санағын уақтылы және сапалы жүргізу мақсатында 2020 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін ономастикалық мәселелер, оның ішінде облыс орталықтарының атаулары өзгерту мәселесі қарастырылмайды", деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қаланың атын өзгерту туралы қоғамда ауық-ауық мәселе көтеріліп тұрады. Әр уақытта Павлодарды Кереку, Кенесары, Нұркент, Қимақ, Нұршахар деп атау ұсынылған. Қала атауын өзгерту идеясын әр жолы Павлодар тұрғындары тарапынан қарсылыққа ұшырап, мақұлданбайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі