Субсидия бергені үшін ақша сұрайтын шенеунікке 3 млн теңге айыппұл салынды

zakon.kz
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы алаяқтық бойынша сотталды.

Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бұрын "Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ егін шауаршылығы және астық нарығын реттеу бөлімінің басшысы Е.Ж.Бектұровқа қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін тергеу жүргізілген, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол "Агрофирма Жер 888" ЖШС өкілінен 2017-2021 жылдарға арналған ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде субсидия беру мәселесін оң шешкені үшін 1 млн теңге көлемінде ақша қаражатын алдау жолымен иемденді деген күдікке ілінген болатын.

Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында Көкшетау қалалық сотының үкімімен Е.Ж.Бектұров алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды және мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз