Қазақстандықтар таксимен жүруді азайтты

Шамурат Файзиев / yujanka.kz
Автобус дұрыс деседі: автобустардың жолаушылар тасымалы жыл ішінде 6%-ға өсті, такси – 3%-ға азайды.

Өткен 2019 жылы Қазақстанда жолаушылар тасымалының көлемі 23,83 млрд жолаушыны құрады. Жолаушылар айналымы 295,2 млрд жолаушы/шақырымды құрады, деп хабарлайды zakon.kz Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Дәстүрлі түрде жолаушылар тасымалының ең көп үлесі автомобиль және қалалық қоғамдық көліктің үлесінде. Автобустар 17,5 млрд жолаушы тасыған, такси көлігі 6,2 млрд жолаушыға қызмет көрсетті. Такси жолаушылары 2018 жылмен салыстырғанда 2,9%-ға азайған.

Әуе көлігімен 2019 жылдың ішінде 8,6 млн жолаушы тасымалданды, бір жыл бұрын — 7,9 млн жолаушы болған. Өсім 9,6%-ды құрады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті