Шығысқазақстандықтар бокстан ҚР чемпиондары атанды

Дене шынықтыру және спорт басқармасы
Атырауда өткен бокстан жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаған боксшылар жүлдемен оралды.

180 қатысушының арасында 10 спортшы аймақ намысын қорғады, деп хабарлайды zakon.kz Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде 2 боксшы чемпион атанса, тағы 2 спортшы жүлделі болды.

Жарыс қорытындысы бойынша Ерасыл Жақыпбеков 81 кг. салмақта және Бекзат Ерхат 91 кг салмақта жеңіске жетіп, чемпион атағына лайықталды.

Үздіктердің қатарынан көрінгенімен, соңғы шайқаста қарсыластарына есе жіберіп алған жас боксшылар Руслан Кузебаев (56 кг) және Бекзат Сатжанов (60) қола жүлдеге қол жеткізді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды