KazSat жерсерігі жұмысына 40 млрд теңге бөлінді

kazteleradio.kz
Бүгінгі күні барлық құжаттамалық жұмыстар аяқталған.

ҚР Сандық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Мәжіліс отырысында KazSat жерсерігін жасау ісінің қалай өрбіп жатқандығы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, Қазақстан 2020 жылы KazSat жерсерігін жасауды қолға алады.

Ол әрі қарайғы жұмыстар жарияланатын байқау рәсімдерінен кейін айқын болатындығын атап өтті.

- Бүгін біз жерсеріктің техникалық-экономикалық негіздеме құжаттарымен айналысып жатырмыз, содан кейін тиісті конкурстық рәсімдер өткізіледі. Сол кезде ары қарай кімдермен жұмыс істейтініміз белгілі болады, - деді министр.

Жерсеріктің техникалық-экономикалық негіздемесін жасауға шамамен 40 миллиард теңге бөлінген.

- Бұл жерсерікті жасауға тікелей жұмсалатын шығындар, одан бөлек жерсерікпен байланыс жақсы болу үшін жер бетіндегі байланыс жүйелеріне кететін басқа да шығындар бар. Бүгінгі күні біз барлық құжаттамалық жұмыстарды аяқтадық. Байқау жарияланады. Мердігерлері қалай анықталады, біз солай жұмысқа кірісеміз, - деп сөзін түйіндеді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз