Жол құрылысымен айналысатын "ҚазГерҚұрылыс" Біріккен кәсіпорыны" ЖШС Жаңа жыл қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласынан "хрустальды бала" диагнозымен қыз тәрбиелеп отырған семейлік Оразбековтер отбасына екі бөлмелі пәтерді сыйға тартты, деп хабарлайды zakon.kz.
Қыздың анасы Гүлзира Оразбекова – ІІ-топтағы мүгедек. Қыздары кішкентай Аружан 10 жаста. Бір жасында қызға жетілмеген остеогенез диагнозы қойылды. Бұл - сүйектердің сынғыштығымен сипатталатын дерт. 10 жасына дейін баланың 50 жері сынып, қатты қиналып келеді. Қызға үнемі ем мен күтім қажет, сонымен қатар қымбат дәрі-дәрмектер де керек. Отбасы баланы қарап үйінде де отыра алмайды, өйткені ақша табу керек, ал балаға қарамаса ол ауыра береді. Оның үстіне бұл отбасының басыбайлы баспанасы жоқ, пәтер жалдап тұрады. Оразбековтер отбасы мемлекеттен пәтер кезегін күтіп жүргеніне қаншама?
Бұл отбасының жағдайынан қаныққан "ҚазГерҚұрылыс" бірлескен кәсіпорны оларға көмектесуге ерік білдіріп, астананың сол жағалауынан екі бөлмелі пәтер сатып алып берді.
- Біз толықтай дайын тұрған пәтерге кірдік. Баспанамыз, міне қыста кірдік, өте жылы. Жанымызда мектеп, үйдің шыға берісінде баспалдақ жанында арнайы пандус бар, - дейді Гүлзира Оразбекова.
Баспанасына жаңадан қоныстанып жатқан бұл отбасыға үй құжаттарын тапсыру үшін "ҚазГерҚұрылыс" БК" ЖШС басшысы Ерғас Мамреев және оның кеңесшісі Бақытжан Елемесов арнайы келді. Олар отбасын баспаналы болуымен шын жүректен құттықтап, қыздарының тез сауығып кетуін тіледі.
- Қазіргі жағдайда әрбір жетістікке ие компания өз қызметі әлеуметтік жауапкершілік призмасы арқылы бағалауы керек. Әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысу арқылы кәсіпкерлік субъектілері өмір сүру деңгейі жоғары дамыған мемлекет құруға өз үлестерін қоса алады. Мұқтаж жандарға көмек көрсету "ҚазГерҚұрылыс" БК" ЖШС қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады, сондықтан біз өмірде қиын жағдайға тап болған азаматтардың мәселелерін тыс қалдырмауға тырысамыз», - деді компанияның бас директоры Ерғас Мамреев.