Ауа-райының ақпан айына арналған консультативтік болжамы

Иран аудандарынан жылы ауа массаларының түсуі температуралық фонның жоғарылауына себеп болады.

Ақпан айының басында Атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар алдымен батыста, одан кейін ҚР қалған аумақтарында жауын-шашынның жаууына, тұман және көктайғақ қалыптасуына әкеп соғады, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

6-8 ақпан аралығындағы кезеңде солтүстік және шығыс өңірлерде бұрқасынмен қатты жауын-шашын және жел 15-25 м/с дейін күшеюі мүмкін. Сонымен қатар, Иран аудандарынан жылы ауа массаларының түсуі температуралық фонның жоғарылауына себеп болады:

батыста, солтүстік-батыста түнде -3-8°С-тан 0-5°С-дейін, кей жерлерде +3, күндіз 0-5°С-тан 0+7°С-дейін

солтүстікте, орталықта және шығыста түнде -20-28°С-тан 0-10°С- дейін, күндіз -8-15°С-тан -3+2°С-дейін, кей жерлерде -6°С

оңтүстік, оңтүстік-шығыста түнде 0-8, кей жерлерде -13°С-тан -3+2°С- дейін, күндіз +2+7°С-тан +5+12°С-дейін

Бірінші онкүндіктің соңында ҚР аумағы бойынша ауа температурасының төмендеуі күтіледі:

солтүстік бөлігінде түнде -10-20°С дейін, күндіз -5-13°С-дейін

оңтүстік бөлігінде түнде -3-13°С дейін, күндіз 0-7°С- дейін

Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде циклондар мен антициклондардың жиі алмасуы болжанады, онда ашық аязды күндер жиі жылы және жауын-шашынды күндермен алмасады.

Осылайша, орташа айлық ауа температурасы ҚР басым бөлігінде нормадан 1°С жоғары, тек батыста – климаттық мәндер шамасында күтіледі. Жауын-шашын мөлшері ҚР солтүстік-батыс бөлігінде және оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс аймақтарының тау бөктеріндегі аудандарда нормадан көп, ал қалған аймақтарда норма шамасында күтіледі.

Ескерту: Болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай, елеулі түзетулерге ұшырауы мүмкін консультативтік сипатқа ие екенін атап өткен жөн.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: