ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қырғызстан мен Ресей Федерациясымен арадағы шекараларды күшейтілген санитарлық бақылау режиміне көшірудің қажеті жоқ деп санайды. Бұл туралы ол бүгін Үкімет дәлізінде журналистерге берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
- ЕАЭО келісімшарттары бойынша, қазіргі қолданыстағы нормаларға сәйкес, біз Қырғызстан мен Ресей шекарасын бақыламаймыз. Ол жерде тек шекарашылар бар. Қырғызстан мен Ресей Федерациясы жағдайы нашар елдерге жатпайды, сондықтан ол арада күшейтілген санитарлық бақылау жүргізудің қажеті жоқ. Бұл – ЕАЭО-ның қолданыстағы нормалары, - деді Біртанов.
Ол көрші елдермен арадағы шекарада "кедендік бақылау, одан бөлек шекаралық бақылау бар" екенін баса айтты.
- Санитарлық бақылаудың қажеті жоқ, өйткені біз ЕАЭО бірыңғай кедендік аймағында өмір сүреміз, үнемі ақпараттармен алмасып отырамыз. Біз бірігіп ЕАЭО-ның барлық сыртқы шекарасын бақылаймыз. Мәселен, Ресей Федерациясы Финляндиямен шекараны шартты түрде бақылайды, ал біз Өзбекстанмен деректер алмасамыз. Санитарлық бекеттер бізде өлшеммен қойылған. Біз солай жұмыс істейміз, - деп түсіндірді министр.
Оның айтуынша, қазір арадағы кеден бекеттерінде Ресей мен Қырғызстан санитар мамандар қойды, бірақ бұл олардың өз бастамасы әрі уақытша кезеңге ғана.
- Сонымен қатар, әрине, біз де санитар мамандарымызды Ресей мен Қырғызстанмен арадағы кеден бекеттеріне жібердік, бірақ бұл біздің келісімдерде болмаған нәрсе емес, - деді министр.
Біртанов коронавирусқа қатысты жағдайға байланысты шекарадан өткен, ыстығы бар адамның барлығы дәрігерлердің қатаң бақылауында болады деп сендірді.
- Тепловизормен тексерудің қажеті жоқ. Бізде стационарлық және портативті жылу түсіргіштер бар. Олар адамның ыстығы бар-жоғын көрсетеді. Біз ондай адамды шекарадан өткенде анықтаймыз, содан үйінен де тексереміз. Мемлекеттік шекарадан өткендердің барлығы, оның ішінде Ресей Федерациясы мен Қырғызстан жақтан да өткендер бақыланады. Шекарадан гөрі үйде адамды бақылау біз үшін маңызды, өйткені шекарада дерт қылыаң бермеуі мүмкін, бірақ үйге келген соң ол дендеуі ықтимал, - деп сөзін түйіндеді ол.