Ресей өте шағын электромобиль шығармақ

Роспатент
Автокөлікке компания патент алды.

Роспатенттің ашық базасында ресейлік Zetta электромобилінің жаңа дизайны пайда болды: сериялық өндіріске бұл көлік дәл осындай болып шығуы бек мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz.

Жекеменшік Zetta компаниясы бұған дейін хабарлағандай, Zetta электромобилі әрқайсысының қуаты 18,1 кВт-тық төрт мотор-дөңгелекпен жабдықталады, электромоторлардың жалпы қуаты 72,4 кВт болады (98 аттың күші).

Мәшиненің ұзындығы 3 метрден сәл асады, салмағы 400 келіге де жетпейді. Соның арқасында көлікке квадроцикл ретінде сертификат алуға болады.

Автокөлік бір толық зарядпен шамамен 200 шақырым жол жүріп береді, делінеді.

Жоспар бойынша, Zetta биыл жыл соңында шығады, базалық версиясы шамамен 450 000 рубль болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты