Шымкент бұзылған екен. Қатты таң қалдым

yk-news.kz
Қазіргі мектеп пен қазіргі мұғалімдер мемлекетті шірітіп жатыр ма?

Кеше Шымкенттен келдім, дейді желіде экономист Меруерт Махмұтова.

"Менің бір құрбым бар, өзі ЖОО мұғалімі, қазақша лекция оқиды, үй-іші түгел қазақша сөйлейді – немересін орыс мектебіне беріпті. Мен сөйлескен адамның бәрі қазақ мектебінде білім жоқ, орыс мектебіне беруге мәжбүрміз дейді", - деп жазады ол.

- Мен қатты таң қалдым. Шымкент бұзылған екен дедiм. Оларға түсіндіріп жатырмын, қазір бірінші сыныпқа баратын балалардың 90% қазақша оқып жатыр, сонда сендердің балаларың болашақта қайда барады деп.

Меніңше, бұл жерде бірнеше фактор бар, дейді Махмұтова:

1. мектептегі сыбайлас жемқорлық.

2. биліктің мұғалімдерді сайлау сияқты лас істерге салып, өз мүддесіне пайдаланатыны.

3. нәтижесінде мектепте кәсіби мамандар қалмады, өңкей жандайшаптар.

4. басқа баратын жері жоқтар ғана қалды мектепте.

5. оларды жұмсау оңай, басқару оңай. Бірақ ол мұғалімдер балаға жақсы ештеңе үйрете алмайды. Жүйенің деградациясы деген осы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Астана әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды