Президентке Қазақстанда "ашық аспан" жүйесін құру бойынша есеп берілді

Ақорда
Президент мүдделі мемлекеттермен арадағы әуе қатынастарын кеңейтуді тапсырды.

Қазақстан Президенті Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярды қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанда "ашық аспан" жүйесін құру жөнінде атқарылған жұмыстар туралы баяндалды. Биыл Қатар, Польша, Оман, Беларусь, Малайзия, Румыния, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт секілді елдердің танымал әуе компаниялары 14 жаңа бағыт ашады деп жоспарлануда. Швейцария, Оңтүстік Корея, Сингапур, Латвия, Литва елдеріндегі авиация саласының басшылығымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Роман Скляр Мемлекет басшысының 2019 жылғы тапсырмалары орындалып, нәтижесінде жаңа 12 бағыт – Елордадан Прагаға, Ұлан-Батырға және Токиоға рейстер ашылғанын хабарлады.

"Президент мүдделі мемлекеттермен арадағы әуе қатынастарын кеңейтуді, сондай-ақ, Қазақстанның негізгі әуежайлары арқылы өтетін жүк тасымалының көлемін ұлғайтуды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев авиация саласындағы бәсекелестікті арттырудың маңыздылығын атап өтіп, оның жолаушыларға қызмет көрсету сапасына және азаматтық авиацияны дамытуға оң әсер ететінін айтты" делінген Ақорда хабарламасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік