Қазақстан астанасында аралас жекпе-жектен өткен жарыста жаппай төбелес болды. Желіде бұл төбелестің видеосы жарияланып, оның шығу себебі де айтылған. "Бір команданың бапкері өз әріптесіне пышақ сілтеген көрінеді, төбелес содан басталған" делінеді видеода. Қазақстандағы ММА аралас жекпе-жек бойынша біріккен федерациясы бұл оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Жекпе-жек жүріп жатқанда көрермендер жақта төбелес басталып кеткен. Видеодан рингтен тыс жерде екеудің бір-біріне қол сілтеп жатқанын көруге болады, біраз уақыттан соң күтпеген төбелеске басқалары да қосыла кетеді.
- Бұл оқыс оқиға қалааралық ашық жарыста болған. Видеоны жүктеген адам: "Бір команданың бапкері өз әріптесіне пышақ сілтеген көрінеді, төбелес содан басталған", - дейді. Иә, жарыс кезінде көрермендер арасында жанжал болды, бірақ ол арада пышақ болған жоқ. Сондықтан ол сөз ойдан шығарылған, жарыс кезінде ондай ештеңе болған жоқ. Сонымен қатар, осы іс-шарада тәртіпті қамтамасыз етуге тартылған ішкі істер органдары қызметкерлері болды, олар бұл жайтты міндетті түрде тіркеген болар еді. Техникалық регламентке сәйкес, залға кіре берісте көрермендерді және барлық ойынға қатысушыларды тексеріп кірігізеді олар. Жарыста болған полиция қызметкерлері төбелесті тоқтатты, кейін мәселенің мән-жайын тексерді, - деді Қазақстандағы ММА аралас жекпе-жек бойынша біріккен федерациясының директоры Илья Кириченко.
Жекпе-жектің неден туындағаны, әзірге белгісіз.
Федерация төбелескендер арасында жаттықтырушылар, спортшылар немесе оның қызметкерлері болмағанын атап өтті.