Тоқаевтың кеңесшісі президенттік бастамаларды іске асырудың жаңа кезеңі басталғанын жариялады

Facebook/Бауыржан Жуасбаев
Өткен жылы 20 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тапсырма берді.

Қазақстан Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин президенттік бастамаларды іске асырудың жаңа кезеңі басталғанын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz

"Бұрын да айтқан едім, Ұлттық кеңестің екінші отырысынан кейін Президент әкімшілігі басшысының қол қоюымен жаңа президенттік бастамаларды іске асыру жоспары бекітілді. Осы жоспарға сәйкес мемлекеттік органдар қаңтарда саяси реформалар блогына қатысты әр бастама үшін тиісті заң жобаларын дайындауы керек болатын. Таяуда ғана бұл бағыттағы жұмыстар түйінделді. Енді президенттік бастамаларды іске асырудың жаңа кезеңі басталады. Заң жобаларын мүдделі мемлекеттік органдар мақұлдағаннан кейін, ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізіліп, Үкімет отырысында талқылауға ұсыну үшін Парламенттің қарап шығуына беріледі. Осы жағынан алғанда, Ұлттық кеңестің екінші отырысында көтерілген Президенттің бастамалары белсенді жүзеге асырылу кезеңіне келіп жетті", - деп жазды Ерлан Қарин Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетелік, 20 желтоқсанда Ұлттық сенім кеңесінің екінші отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке бірқатар тапсырма жүктеді, оның ішінде: кәсіпкерлердің бірыңғай дерекқорын құру, сандық деректер базасында сыртқы қарыздың бірыңғай тіркеу тізімін құру және тұрғын үй мен автомобильдерді бірінші нарықтан сатып алуда қолма-қол ақшасыз төлемдер жүргізу үшін заңнамаға енгізілетін бірқатар түзетулер мен өзгерістерді әзірлеу.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі