Канадалықтармен күшейген хоккейшілеріміз Украинаны 8:1 етті

hcbarys.kz
Қазақстан хоккейшілері енді 7 ақпанда Нидерландпен мұз айдынына шығады.

Хоккейден Қазақстан құрамасы 2022 жылғы Қысқы Олимпиадаға үшінші іріктеу кезеңінде Украинамен ойнады, деп хабарлайды zakon.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл ойында қазақстандық құрама қарсыласын ірі есеппен жеңді. Бірінші кезеңде қазақстандықтар қатарынан Дмитрий Шевченко, Егор Петухов, Леонид Метальников, Роман Старченко мен Талғат Жайлауов шайба соқса, оған украиналықтар бір ғана шайбамен жауап қайырды.

Екінші кезеңде қазақстандық Даррен Диц пен Аркадий Шестаков есепті үстемелей түсті.

Ал үшінші кезеңде қазақстандық Валерий Орехов мергендік танытты. Осылайша Ұлттық құрама Украинадан 8:1 есебімен басым түсті.

Қазақстан хоккейшілері енді 7 ақпанда Нидерландпен мұз айдынына шығады.

Жарыстың аталған сатысында қазақстандық хоккейшілер 2020 жылдың 27-30 тамызы аралығында Словакия, Норвегия, Латвиямен шеберлік байқасады. Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиада ойындары тарихында екі рет бақ сынаған болатын. 1998 жылы ширек финалға дейін жетсе, 2006 жылы жалпы есепте тоғызыншы орын алды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады