Үкіметке жаңа идеялар мен көмек керек - Дариға Назарбаева

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі
Палата Төрағасы стратегиялық құжаттарды бірыңғай жүйеге келтіруде Үкіметке көмек көрсету керектігін алға тартты.

Дариға Назарбаеваның төрағалығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Кеңес мүшелері "Ұлттық экспорттық стратегия" бағдарламасының орындалуын қарастырды. Отырыс барысында құзырлы органдарға бағытталатын ұсынымдарды жинау бойынша жұмыс тобын құру айтылды.

Сонымен қатар, жиында Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының конституциялық өкілеттіктерінің іске асырылу мәселелері ортаға салынды. Кеңес мүшелері соңғы уақытта депутаттардың атына келіп түсетін өтініштердің саны артқанын айтып өтті. Тиісінше, депутаттық сауалдардың да легі көбеюде. Алайда сауалдарға берілетін атқарушы билік органдар жауабының көбісі депутаттарды қанағаттандырмайды.

Палата Төрағасы өз кезегінде, стратегиялық құжаттарды бірыңғай жүйеге келтіруде Үкіметке көмек көрсету керектігін алға тартты.

"Бүгінде Үкіметке тың идеялар мен көмек қажет. Барлығы бір-бірімен байланысты болу қажет, сонда ғана нәтиже болады", - деді Палата Төрағасы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты