Дариға Назарбаева Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастықты талқылады

Ж.Құспанов
Кездесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік банктің арасындағы бірлескен ынтымақтастықты дамыту бағыттары талқыланды.

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Дүниежүзілік банкінің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Лилия Бурунчукті қабылдады. Аталған шараға Парламент Сенатының депутаттары, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто қатысты, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Дүниежүзілік банктің арасындағы бірлескен ынтымақтастықты дамыту бағыттары талқыланды.

"Біз қазір экономикалық сұрақтарға ерекше мән берудеміз. Бүгінгі таңда Сенат ел экономикасы дамуын жеделдету, адамдардың табысын арттыру және мемлекет бюджетінің табысты бөлігін ұлғайту жолында алаңдаулы", - деді Д. Назарбаева.

Өз кезегінде, Лилия Бурунчук бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін айта келіп, Дүниежүзілік банк талдау және әкімшілік мониторингтік жобалар, бюджет табысының көлемін арттыру және қаражатты ұтымды қолдану шараларына ерекше назар аударатынын мәлім етті.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік банктің аймақтық директоры Қазақстанда қабылданған салықтық реформалардың нәтижесі мен салықтық жеңілдіктердің тиімділігін зерттеуді ұсынды. Одан бөлек, Л. Буручук Дүниежүзілік банкі тарапынан агроөнеркәсіптік кешен саласы, транзит әлеуеті және жасыл экономиканы мониторингілеу мүмкіндігі туралы айтты.

Кездесу нәтижесінде екі жақ экономикалық процесті ұзақмерзімді бақылау методологиясы, қолданыстағы статистиканы талдау және бағдарламаларды зерттеу бойынша консультация алмасуды одан әрі жалғастыруға келісті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті