Тоқаев: Мен үшін волонтерлер қозғалысының құрметті елшісі болу - үлкен құрмет

Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстандағы волонтерлер қозғалысының құрметті елшісі болуға келісті.

Онсыз да менің дипломат деген дәрежем бар, бірақ волонтерлер қозғалысының құрметті елшісі мәртебе, әрине мен үшін маңыздырақ, деп мәлімдеді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев BIRGEMIZ волонетерлерінің республикалық фронт кеңсесінің ресми ашылуында, деп хабарлайды zakon.kz.

Волонтерлік - бұл жанның күйі. Волонтерлер – ерік білдірушілер, ықтиярлық танытушылар. Бүгін мен Қазақстандағы волонтерлер қозғалысының құрметті елшісі болуға келістім. Онсыз да Төтенше және Өкілетті елші деген дипломатиялық дәрежем бар, бірақ волонтерлер қозғалысының құрметті елшісі деген мәртебені одан да маңыздырақ деп санаймын, бұл мен үшін үлкен құрмет, сондықтан біз бәріміз бірге жұмыс істейміз. Бәріміз бірге боламыз, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатқан іс-шара волонтерлер жылы аясында өткізілуде. BIRGEMIZ волонтерлерінің республикалық фронт кеңсесі ЭКСПО аумағындағы Art Hub павильонында орналасқан.

Фронт кеңсенің ашылуында "QAZVOLUNTEER.KZ" онлайн-платформасының және волонтерлердің 7 салалық алаңдарының жұмысы ұсынылды: "Bilim", "Qamqor", "Úmit", "Sabaqtastyq", "Taza Álem" және "Saúlyq".

Фронт кеңсесі - бұл кеңес беру, әдістемелік, оқыту, ақпараттық орталығы, оның функциялары бүкіл республика бойынша волонтерлер жобаларын үйлестіру және қоғамдық бақылауды қамтиды. Жобаны үйлестіру жастар ресурстық орталықтарының мамандары, азаматтық орталықтар мен ҮЕҰ өкілдерінің арасынан аймақтық үйлестірушілер арқылы жасалады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр