Қазақстанда 40-қа жуық дүнген жігіті әскери борышын өтеп жүр

Әскерге іріктеуде ұлтқа емес, адамның денсаулығына, физикалық күйіне қарайды.

Қазақстан Қорғаныс министрлігі дүнген этносы өкілдерінің Отан алдындағы әскери борышын өтеу міндетінен жалтаруы туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ҚК Бас штабының Ұйымдастыру және жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары полковник Сергей Кузнецовтың айтуынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

Әлеуметтік желілерде тарап жатқан дүнгендердің әскери міндетін өтемейтіндігі туралы ақпаратқа қатысты: бұл - сенімсіз мәлімет. Қазақстанда қазіргі уақытта 40-қа жуық дүнген ұлтының өкілі әскери борышын өтеп жүр, - деді ол.

Сонымен қатар, 2019 жылы барлығы 30 мыңнан астам бозбала әскери борышын өтеуге шақырылды, олардың ішінде қазақтар, орыстар, татарлар, немістер, украиндар, ұйғырлар, өзбектер және басқа да ұлт өкілдері бар.

Іріктеу кезінде ұлтқа емес, адамның денсаулығы, физикалық күйі, психологиялық және моральдық төзімділігі сынды қасиеттер есепке алынады. Әскерге осы көрсеткіштер бойынша сарбаздарды іріктеп аламыз, - деді Кузнецов.

12 ақпанда ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы "Белгіленген әскери борышын өтеген әскери қызметшілерді резервке шығару және ҚР азаматтарының әскери қызметке кезекті шақырылуы туралы" жыл сайынғы жарлыққа қол қойды. 2020 жылы 34 мыңнан астам ер азаматқа әскери борышын өтеуге шақырту жіберу жоспарланған. Олар іріктеліп алынғаннан кейін Қарулы Күштер, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, Ұлттық ұлан мен Мемлекеттік ұлан қызметіне қарай ішінара бөліп, бағытталады.

Қазақстанда 40-қа жуық дүнген солдаты қызмет етеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: