Алматы облысында отбасылық зорлық-зомбылық бойынша түсіндіру жұмыстары жүруде

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Алматы облысы аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынастарда 516 құқық бұзушылық анықталды.

Алматы облысының полицейлері "Тұрмыс" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында "Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығында" қызмет алушылармен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында "Әлеуметтік орталықтың" қызмет алушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша кеңестер берілді. Әрқайсымен жекелей әңгімелесіп, толғандырған сұрақтарына жауаптар берілді.

"Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық нысанын жоюға қатысты "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне" отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы заңға қайшы іс-әрекеттер үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған түзетулер енгізілді. Осы мақсатта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың құқығының қорғалатындығы, құқық бұзушының заңсыз әрекеттері жазасыз қалмайтыны айтылды. Сондай-ақ, кез-келген зорлық-зомбылық дерегі орын алған жағдайда, полиция органына шұғыл хабарласу қажеттігі ескертілді", - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

"Тұрмыс" жедел-алдын алу іс шарасы барысында Алматы облысы аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынастарда 516 құқық бұзушылық анықталды. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша 495 қорғау нұсқамасы шығарылып, 76 ерекше талап белгіленген.

Облыстық полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, тәртіп сақшылары жыл басынан бері отбасында зорлық-зомбылық көрген 5 әйел мен 16 баланы "әлеуметтік орталыққа" жеткізген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті