Тоқаевқа Қазақстан барлаушыларының қару-жарақтары таныстырылды

Ақорда
Мемлекет басшысы Қазақстанның әскери барлау жұмысына оң баға берді.

Қазақстан Президенті Қарулы Күштердің Бас барлау басқармасының штаб-пәтеріне барды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемнің тынышсыз аймақтарындағы қауіп-қатерлер жайында баяндалды. Сонымен қатар Президент Бас барлау басқармасы бөлімдерінің заманауи үлгідегі әскери құрал-жабдықтарымен және техникаларымен танысты.

Мемлекет басшысы Қазақстанның әскери барлау жұмысына оң баға беріп, халықаралық ахуал шиеленіскен жағдайда оның ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы рөлі арта түсетінін айтты.

Жоғарғы Бас қолбасшы Қорғаныс министрлігі Бас барлау басқармасына әскери барлау жүйесін одан әрі жетілдіру және дамыту жұмыстарын жалғастыра беруді тапсырып, аталған бөлімдегі әскери қызметшілердің еңбегіне табыс тіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі