Тоқаев ауылдардағы мектеп пен медициналық пункттерге интернет желісін жеткізуді тапсырды

Pixabay
Қасым-Жомарт Тоқаев Қуанышбек Есекеевке интернеттің бағасын қымбаттатпауды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының 2019 жылғы қортындылары жайында баяндалып, Smart sity тұжырымдамасының орындалу барысы, "Смарт Ақкөл" жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды.

Сонымен қатар Қуанышбек Есекеев Қазақстан Президентіне "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының "Kcell" және "Tele2" компанияларының акцияларын сатып алғаны, олардың жұмысын интеграциялау шаралары, мобильді қызмет жобасының жүзеге асырылуы жөнінде де мәлімет берді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қуанышбек Есекеевке елді мекендерді толықтай мобильді байланыспен қамтамасыз етіп, ауылдардағы мектептер мен медициналық пункттерге интернет желісін жеткізуді, сондай-ақ, олардың бағасын қымбаттатпауды тапсырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды