Алматының Оқушылар сарайы күрделі жөндеуден өтеді

inform.kz
Оқушылар үйі биылғы жылы құрылыс жұмысын бастайтын болады.

Бүгін 19 ақпанда Halyk Arena көпсалалы спорт кешенінде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тұрғындармен кездесуі өтуде, деп хабарлайды zakon.kz.

Алқалы жиында қаланың экономикалық-даму көрсеткіші жайында слайд көрсетіліп, одан кейін қала басшысы тұрғындардың сауалына жауап беруге кірісті.

Тұрғындарды қала тірлігінің бей-жай қалдырмайтынын сұрақтардың толассыз қойылуынан байқауға болады. Қала басшысы барлық сауалдарға жауап бере отырып, аудан әкімдеріне тапсырма беріп отырды. Әлеуметтік саланы қамтитын сұрақтар қатарында қаламызға жаңа қосылған Наурызбай ауданында халық санынының артуына байланысты балаларға арналған Оқушылар үйінің жоқтығы айтылды.

Қала әкімі аталған ауданда биылғы жылы жаңа үлгідегі Оқушылар үйі салынатын жер белгіленіп, жоба жасалғанын айтып өтті. Оқушылар үйі биылғы жылы құрылыс жұмысын бастайтын болады.

Шаһар басшысы сондай-ақ, биылғы жылы шаһарымыздағы негізі 1983 жылы қаланған Республикалық Оқушылар сарайы күрделі жөндеуден өтетінін айтып өтті. Оқушылар сарайын жөндеуден өткізгенде тұрғындармен ақылдаса отырып, қандай үйірмелер ашылып, қандай құрал-жабдықтармен қамтылатыны шешілетін болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін