Украинаның "Оппозициялық платформа" - "Өмір үшін" партиясы мүшелері коронавирустың жаңа түрі бұрқ еткен індет ошағы Уханнан украиндықтармен бірге шетелдік азаматтарды да эвакуациялау туралы шешіміне байланысты ел үкіметінен отставкаға кетуді талап етті, - деп хабарлайды zakon.kz lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Саясаткерлер Украина инфекцияның таралу қаупіне төтеп беруге дайын емес екенін айтады. Осыған байланысты оппозиция "карантиндік авантюраға" жауапты барлық шенеуніктерді орнынан алып тастауды талап етті.
Біз "карантиндік авантюраға" жауаптылардың барлығын қызметтен босатуды талап етеміз. Гончарук үкіметі - ұлттық қауіпсіздігімізге ең үлкен сынақ. Парламент бұл жауапсыз компанияның бәрін жұмыстан шығаруға міндетті, делінген партияның ресми мәлімдемесінде. Қазіргі жағдайда Украинада "транзиттік карантиндік хаб" құру - таза ақымақтық, - деді саясаткерлер.
Сондай-ақ, партия азаматтары Украинадан Қытайдың Ухань қаласынан шығарылатын барлық елдердің үкіметтерімен жедел кеңес өткізуді талап етті.
Алдында бортында эвакуацияланған украиндықтар бар ұшақ Бориспол әуежайына 20 ақпанда таңертең 8-де қонуы тиіс деп хабарланған болатын. Онда Уханнан эвакуацияланған 48 украин және 29 шетел азаматы бар: Израиль, Норвегия, Черногория, Аргентина, Панама, Коста-Рика, Доминикан Республикасы, Эквадор және Испания. Украина Ішкі істер министрлігі індет ошағынан келгендер 14 күнге карантинге алынатынын хабарлады. Сонымен бірге карантин аймағының айналасында қос қабат қорғаныс бекінісі жасалады. Украина Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Дмитрий Ковалдың айтуынша, Қытайдан эвакуацияланған азаматтарды Украинаның әртүрлі қалаларында қабылдауға төрт орын дайын тұр.
Алдында осы Украина ұшағымен Қазақстанның екі азаматы да әкеленуі тиіс деп хабарланған. Ол үшін украиналық ұшақ Алматы әуежайына техникалық жағдайда қонып, Қазақстан азаматтарын түсірген соң Киевке қайта ұшады деп айтылған.