Оңтүстік Корея 78 жастағы бұрынғы президентін 17 жылға соттады

hydra-journal.ru
Бұрынғы президент сонымен бірге шамамен 15,7 миллион доллар айыппұл төлеуі тиіс.

Корея соты экс-президент Ли Мен Бак-ты сыбайлас жемқорлық және билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп тапты, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Елдің экс-басшысына 17 жылға бас бостандығынан айыру, сонымен бірге шамамен 15,7 миллион доллар айыппұл салу жазасы кесілді.

Ли Мен Бак 2018 жылдың қазан айында салық төлеуден жалтару, мемлекет қаржысын заңсыз пайдалану және өкілеттіктерді асыра пайдалану сияқты 16 бап бойынша сотталған болатын. Тергеу мәліметтері бойынша, ол Ұлттық барлау қызметінің құпия операцияларын қаржыландыруға арналған 11 миллиард вон (9,3 миллион доллар) жымқырған.

78 жастағы Ли Мен Бак 2008 жылдан бастап 2013 жылға дейін Оңтүстік Кореяның президенті болған.

Ол Кореяның қылмыстық заң бойынша сотталған осымен төртінші бұрынғы президенті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді