ДДСҰ: Пандемия жариялауға әлі ерте

Хабар 24
Соңғы кездері індеттің Қытайдан бөлек Иран, Италия мен Оңтүстік Кореяда тез жайылуы алаңдаушылық туғызуда.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус коронавирустың пандемияға айналу қаупі бар екенін жоққа шығармайды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Алайда әзірге пандемия жариялау үшін инфекцияның таралуы тиісті деңгейге жеткен жоқ. Бұл туралы Гебрейесус Женевада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы кездері індеттің Қытайдан бөлек Иран, Италия мен Оңтүстік Кореяда тез жайылуы алаңдаушылық білдіріп отыр.

Тедрос Адханом Гебрейесус, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы:

– Вирустың таралуын тежеуге болады. Жағдайды бақылап отырмыз, ол әлі ырықтан шыққан жоқ. Вирустан өлім-жітім көрсеткіші - 2 мен 4 пайыз аралығында. Сондықтан пандемия жариялауға әлі ерте. Алайда жағдай күрт өзгеруі де мүмкін. Індеттің жайылмауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды