Женевада ҚР Сыртқы істер министрі екіжақты кездесулер өткізді

FERGANANEWS.COM
Онда тараптар биыл маусымда өтетін Нұр-Сұлтандағы ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясының дайындық барысын талқылады.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі отырысының аясында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) Бас директоры Роберто Азеведомен кездесу барысында тараптар биыл маусымда өтетін Нұр-Сұлтандағы ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясының дайындық барысын талқылады. Тұрақты және болжамды халықаралық сауда жүйесін құру және ДСҰ реформалау контекстінде форумның жоғары өзектілігі, сондай-ақ Министрлік форум қарсаңында өткізілетін ДСҰ мәселелері бойынша парламенттік конференцияның маңыздылығы атап өтілді.

Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің Бас директоры Татьяна Валоваямен өткен кездесуде сұхбаттасушылар Қазақстанның Женевадағы БҰҰ жүйесінің ұйымдарымен ынтымақтастығын жандандыру перспективалары туралы пікір алмасты.

Мұхтар Тілеуберді екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін Швейцария мен Финляндия сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Игнацио Кассис және Пекка Хаавистомен кездесті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Құрылтай құрамына кімдер енді: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады

Аудит нәтижесі: Қазақстан атынан шетелге баратын спорт делегациясы қатаң іріктелетін болды

Boeing ұшағы Атлант мұхитының үстінде белгісіз себеппен апаттық сигнал берді

Алматыда қыркүйек қандай болады: күзгі салқын қашан келеді және "күзгі жылымықты" күтуге бола ма