Түркістан әкімі қаланы аралады

turkistan qalasy akimdigi
Жерасты өткелі алдындағы ретсіз сауда орындарына аллея жасау жоспарланған болатын.

Түркістан қаласының Әкімі кешегі күні қаланы аралау жұмыстарын жүргізді, қаланың біраз жерін аралап орталық "Азиз" базарымен аяқтады, деп хабарлайды Turkistan Qalasy Akimdigi.

Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде жауын-шашын зардабынан көлшік пайда болып, ары-бері өтуге тұрғындар тарапынан қолайсыздығы жазылған еді. Осы мәселені назарына алған Р.Абатұлы бүгін арнайы барып, базар маңындағы қоқыстар мен қоқысқа, лайға, суға толған арықшаларды "Түркістан жарық-тазалық" мекемесі қызметкерлері үздіксіз тазалап тұруын қатаң ескертті.

Сонымен қатар, жерасты өткелі алдындағы ретсіз сауда орындарына аллея жасау жоспарланған болатын. Жауапты бөлім басшысына осы уақытқа дейін де еш іс басталмай, жұмыстардың тоқтап тұрғанын сынға алып, жұмысты жылдам жандандыруды тапсырды.

Су толған құдықтарды да көрген Р.Аюпов "Түркістан-Су" мекемесі басшысына сол ретте тазалауды тапсырды. Аз уақыт өтпей мамандар құдық ішіндегі суды тартты. Дегенмен, мұндай құдықтар жаңбыр жауған уақытта толып, нәтижесінде байланыс торабы істен шығуы ықтимал. Сол себепті де жиі тексеріп, жіті қадағалап тұруы назарға алынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме