Тоқаев Біртановқа бірқатар тапсырма берді

Ақорда
Президент халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қол жетімділігін арттырудың аса маңызды екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі жұмыстары мен отандық медицинаның дамуы жөнінде егжей-тегжейлі есеп берілді.

Елжан Біртанов Президентке елімізде коронавирустің таралуына жол бермеу үшін министрліктің қабылдаған шаралары туралы баяндады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа кодекстің әзірлену барысы жайында мәлімет берілді.

Елжан Біртанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі және ауруханаларды жаңғыртуға бағытталған жаңа мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы жөнінде айтты.

Президент халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қол жетімділігін арттырудың аса маңызды екенін атап өтті және жұртшылықтың пікірін ескере отырып, Денсаулық туралы жаңа кодексті әзірлеу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді