Қазақстанда электронды мүфтият іске қосылады

muftyat.kz
Елордада өткен алқалы жиында Бас мүфтиге аталған жобаның жоспары таныстырылды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен "Е-МҮФТИЯТ" ақпараттық жүйесі құрылатын болды, деп хабарлайды zakon.kz muftyat.kz-ке сілтеме жасап.

Елордада өткен алқалы жиында Бас мүфтиге аталған жобаның жоспары таныстырылды.

Айта кетсек, "Е-МҮФТИЯТ" ақпараттық жүйесіне имам-молдалардың білім деңгейі, ғылыми дережесі, ұлты, отбасы жағдайы, облыстағы мешіт саны, т.б. мәліметтер енгізілмек.

"Қазір электронды технологияның дамыған заманы. Әлем электронды жүйеге көшу үдерісінде. Біз, дін қызметкерлері бұл тенденциядан қалыс қалмауымыз қажет. "Е-МҮФТИЯТ" ақпараттық жүйесі жұмыс тиімділігін арттырумен қатар, ҚМДБ Орталық аппаратының кадр қызметін оңтайландыруға оң ықпал етеді. Сондықтан осы жобаны жетілдіріп, іске қосуды тапсырамын", – деп атап өтті ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді