Коронавирус: Қазақстан Оңтүстік Корея мен Иранға әуе рейстерін азайтады

Sputnik / Тимур Батыршин
Жолаушыларға жақын арада Оңтүстік Кореяға сапарлаудан бас тартуға кеңес берілді.

Оңтүстік Кореядағы және Ирандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі коронавирустың Қазақстанда таралуын болдырмау үшін шаралар қабылдауда, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустың пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен 2020 жылдың 1 наурызынан бастап тұрақты рейстер келесі тәртіпте шектеледі:

"Эйр Астана":

– Алматы-Сеул, аптасына 5-тен 1 рейске дейін;

- Нұр-Сұлтан-Сеул, аптасына 2-ден 1 рейске дейін;

"Asiana Airlines":

- Алматы-Сеул, аптасына 2-ден 1 рейске дейін.

"Mahan Air":

- Алматы-Тегеран, аптасына 1 рет жасалатын рейс тоқтатыла тұрады.

Жолаушыларға жақын арада Оңтүстік Кореяға сапарлаудан бас тартуға, сондай-ақ Оңтүстік Кореядан Қазақстанға оралу үшін осы шараларды ескеру ұсынылады.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап жоғарыда көрсетілген рейстерге билеттері бар жолаушылар әуе билеттерді сатып алу орны бойынша қайтара алады. Әуе билеттерді қайтару айыппұлсыз және толық көлемде рәсімделеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды