Сенатор Аграрлық телеарна құруды ұсынды

inozpress
Ауылдық елді-мекендерді дамытудағы негізгі мәселелердің бірі - ақпараттың жетіспеуі - сенатор.

Сенаттағы агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша парламенттік тыңдалымда депутат Дүйсенғазы Мусин мамандандырылған Аграрлық телеарна құруды ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның пайымдауынша, ауылдық елді-мекендерді дамытудағы негізгі мәселелердің бірі - ақпараттың жетіспеуі.

Ауыл шаруаларына озық технологиялар, мемлекеттік қолдау шаралары, заңнамадағы өзгерістер, нарықтық маркетинг туралы ақпарат жеткілікті деңгейде берілуі керек, - дейді сенатор.

Ол сонымен қатар бұл саланы алға жылжыту үшін ғылымдағы инновациялар, озық тәжірибелер және еңбек адамының имиджі туралы бейнероликтер мен бағдарламалар маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Осыған байланысты мамандандырылған ауылшаруашылық телеарнасын құру қажет деп санаймыз, - деп сөзін түйіндеді сенатор.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз