Алматыда Ганди атындағы саябақта қалада жүргізіліп жатқан кейбір құрылыстарға қарсы рұқсат етілген митингі өтті, деп хабарлайды zakon.kz.
26 ақпанда Алматы әкімдігі "Қазақстан азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзатын, Алматы қаласының дамуына кедергі келтіретін нақты бір құрылыстарға мораторий жариялауды талап етеміз" тақырыбында митинг өткізуге рұқсат бергені белгілі болды.
Құжатқа сәйкес, бейбіт жиын сағат 11-00-ден 15-00 дейін өткізілуі тиіс.
Митингі өтетін орынның тәртібі мен санитарлық жағдайына оны ұйымдастырушылар жауап беретіні ескертілді.
"Көкжайлауды қорғаймыз" қоғамдық қозғалысы көптен бері өркениетті бизнес жүргізуді жақтайды. Бұрын көкмайса, бау-бақша болған, демалуға арналған жерлерді сүріп тастап, биік ғимараттарды салу бұл Қазақстан азаматтарын ақырындап өлтіру дегенді білдіреді. Ол Конституцияның 16 бабын бұзады. Қазан айында осындай 36 нысан салынып жатқан болса, бүгінде олардың саны 70-тен асты. Саябақтар мен демалыс алаңдары тырнаққа ілініп кетіп жатыр. Біз осындай сипатта салынған құрылыстарға қатысты сыбайлас жемқорлық келісімдері бойынша қылмыстық істер қозғауды талап етеміз, көп жағдайда ҚР Қылмыстық кодексінің 5, тіпті 6-дан аса бабы бойынша қылмыс құрамы бар ол арада, - деді Ерекенов.
Қоғам белсенділері табиғи көрікті аймақтардан орын тепкен барлық құрылысқа мораторий жариялауды, қылмыс белгілері табылған жағдайда сотқа дейінгі тергеуді бастауды ұсынады.
Үшіншіден, жасыл желек жерге мүлде құрылыс салуға тыйым салу қажет. Бұл президенттің жарлығы немесе әкімдіктің, Алматы мәслихаты бекіткен, Әділет министрлігінде тіркелген шешімі болуы мүмкін, - дейді белсенділер.
Қала 22 шаршы шақырымды қамтитын саябақтар мен алаңдарды қажет етеді, бірақ шет жақтан емес, тұрғын үй кешендері маңына жақын орналасуы керек. Қалада әр аудан бойынша кешке демалуға арналған саябақтар жасауды ұсынамыз, - дейді белсенді Абай Ерекенов.