Желідегі коронавирустан қорғану амалдары туралы хабарламаларға қатысты министр түсінік берді

knews.kg
Дегенмен ол жалған ақпарат болуы мүмкін, сондықтан осыған қатысты мән-жайды анықтап, шара қолдану үшін біз бүгін құқық қорғау органдарына жүгінеміз.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов әлеуметтік желі мен мессенджерлер арқылы тарап жатқан коронавирустың алдын-алу бойынша кеңестерге түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, ҚР бұрынғы денсаулық сақтау министрі Досқалиевтің кеңесі тараған (оның нақты өзі екені белгісіз). Аудио хабарламада ол аш қарынға сарымсақ (чеснок) жеуге кеңес береді. Ал Қытай дәрігерлері мұрын шырышты қабығын үнемі ылғалдандырып отыруға кеңес береді. Тағы бір хабарламада үнемі ыстық шай ішуге кеңес береді.

Алдын алу шараларына келетін болсақ, біз оларды күн сайын насихаттап, жариялап жатырмыз. Профессор Досқалиев айтқан дейсіздер ме, ол жағын білмейді екенмін. Дегенмен ол жалған ақпарат болуы мүмкін, сондықтан осыған қатысты мән-жайды анықтап, шара қолдану үшін біз бүгін құқық қорғау органдарына жүгінеміз. Неге дейсіздер ме? Ешқандай зияны жоқ ақпарат та болуы мүмкін оның, алайда ол белгілі бір адамға сілтеме жасап, айтылып жатыр ғой, - деді Біртанов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды