Украинада алғашқы коронавирус тіркелді

espanarusa.com
Науқас Италиядан оралған екен.

Украинада коронавирус тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

- Кеше төрт адам күдікпен жатқызылғанын айттым, бүгін күдігіміз бір адамның бойынан расталды, - деді елдің Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Виктор Ляшко.

Науқас Черновцы облысында. Коронавирустың жаңа түріне ұқсас белгілер Италиядан оралған отбасында пайда болды.

Ляшконың айтуынша, отбасы өздігімен "оқшауланған", ал екі күннен кейін ер адамның бойынан аурудың белгілері байқалған. Ол отбасылық дәрігерге барып, жұқпалы аурулар ауруханасында емдеуді қажет ететін белгілер пайда болғанша нұсқауларды орындады.

Ляшконың айтуынша, эпидемиологтар науқаспен байланыста болған адамдармен жұмыс істей бастады, мұндай адамдар көп емес.

Қытайда жаңа коронавирус жұқтырған адамдардың саны 80 мыңнан асты, 2943 адам қайтыс болды, 47,2 мың адам жазылды.

ДДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, қазірдің өзінде ҚХР-дан тыс жерде 8,7 мыңнан астам адам инфекция жұқтырды, 120-дан астам адам қайтыс болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз