Оқушы ойыншық дүкенінен коронавирус жұқтырған

berezinsky.dp.ua
Оқушының сыныптастары мен мұғалімдерінің барлығы карантинге оқшауланды.

The Jerusalem Post газетінің хабарлауынша, Израильде мектеп оқушысының коронавирус жұқтырғаны расталды, деп хабарлайды zakon.kz Gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

Бұл Тель-Авивке жақын Ор Йехуда қаласында болған. Бала вирусты ойыншық дүкенінде жұқтырған. Коронавирус жұқтырған мұғалім оның алдында бұл дүкенге кіріп-шыққаны белгілі болды. Оқушының сыныптастары мен мұғалімдерінің барлығы карантинге оқшауланды.

Дәрігерлер тағы екі ересек адамнан инфекцияны тапты. Бүгіндері Израильде коронавирустың 15 расталған жағдайы тіркелген.

2019 жылғы 31 желтоқсанда Қытай билігі Уханьда пневмонияның басталғанын хабарлады. Аурудың қоздырғышы - Covid-2019 ресми атауы берілген коронавирустың жаңа түрі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз