Душанбедегі үш мешіт тұрғындарды жамағатпен бірге намаз оқудан уақытша бас тартуға шақырды

urimtal.wordpress.com
"Бізді түсініңіздер, осындай бұйрық алдық", - деді имам. Бірақ ол бұйрықтың нақты қай мекемеден түскенін айтпады.

Тәжікстандағы мешіттер жақында көпшілік намаз оқуды уақытша тоқтатуы мүмкін. Мұндай шешімге адам көп жиналатын орындарда коронавирустың таралу қаупі жоғары екені себеп болды. Душанбедегі үш мешіт тұрғындарды жамағатпен бірге намаз оқудан уақытша бас тартуға шақырды, деп хабарлайды centralasian.org.

Орталық мешіттің имамы Абдулхак Обидов сейсенбі күні келушілерді мешітте намаз оқуды уақытша тоқтататынын айтты.

"Мұндай шешім коронавирус эпидемиясына байланысты қабылданды", - деді ол.

Шохмансұр мешітінің имамы 3 наурызда мешітте намаз оқу уақытша тоқтатылатынын айтқан.

"Бізді түсініңіздер, осындай бұйрық алдық", - деді имам. Бірақ ол бұйрықтың нақты қай мекемеден түскенін айтпады.

Тәжікстан бас муфтиі Саидмукаррам Абдулкодирзода мешіттерде карантин жарияланбағанын, бірақ мұндай шара жақында қабылдануы мүмкін екенін ескертті.

Ресми мәлімет бойынша, Тәжікстанда коронавирус тіркелген жоқ, бірақ оның таралуына жол бермеу шаралары қабылданып жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды