Қазақстан Қытайдан кейбір жемістерді алып келуді уақытша тоқтатты

Тыйымды енгізуге Қытайдан Қазақстан аумағына кіргізілетін өнімдерде "карантиндік объектілердің" жүйелі түрде анықталуы негіз болды.

ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті 2020 жылдың 2 наурызынан бастап Қытай Халық Республикасынан сүйекті, шекілдеуікті және цитрусты дақылдарды (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 0808, 0809 және тиісінше 0805) алып келуге уақытша тыйым салды, деп хабарлайды zakon.kz.

Тыйымды енгізуге Қытайдан Қазақстан аумағына кіргізілетін өнімдерде "карантиндік объектілердің" жүйелі түрде анықталуы негіз болды.

Фитосанитарлық шаралар жөніндегі Халықаралық стандарттың ережелеріне сәйкес ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті ҚХР Бас кеден басқармасының атына карантинге жатқызылған өнімді алып келу кезінде халықаралық және бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптардың бұзылуы туралы нотификация жолдады. ҚХР карантиндік қызметі ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті жолдаған ресми хабарламаны қарастырып, әрекет ету шараларын күшейтуді ұсынды. Атап айтқанда, Қытай тарапы жүйелі сипатта орын алған бұзушылықтар жекелеген жеміс-жидек бақшаларының карантиндік объектілерге қарсы алдын алу шараларын жүргізбеулеріне байланысты екенін анықтады.

Анықтама: 2019 жылы Қазақстан аумағына ҚХР-дан карантинге жатқызылған өнімді алып кіруде 52 бұзушылық анықталды, оның ішінде 7 карантиндік организмдер, 22 фитосанитариялық сертификатсыз өнімді кіргізу жағдайы, 13 карантинге жатқызылған өнімнің орамасында маркировканың болмауы, 3 фитосанитариялық талаптардың бұзылуы, 4 фитосанитариялық сертификаттың сәйкессіздігі және 3 карантинге жатқызылған өнімнің тексеруге ұсынбау жағдайы.

Барлық көрсетілген жағдайда карантинге жатқызылған өнімді (12 мың тауар бірлігі) кері қайтару жүзеге асырылды. Сонымен қатар, 2 млн теңгеге 27 айыппұл салынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: